Accessibility links

Алматы: негізсіз шығарылған сот үкімі күшінде қалды


Алматыда сот қазақ оппозициясының көсемдері Болат Әбілов пен Асылбек Қожахметовке және Төлен Тоқтасыновқа шығарылған үкімді күшінде қалдырды. Бұл үкімнің бір ерекшелігі - сот Төлен Тоқтасыновтың ісін оның қатысуынсыз қарап, оны сырттай жазаға тартты.
Өткен мамыр айында сот оларды ауыр және өте ауыр қылмыстарды жасырғаны үшін айыпты деп тапты. Бірақ қылмыстардың мерзімі өткен соң оларды жазаларын өтеуден босатты.
Оппозиция жетекшілері бұл соттың саяси астары бар деп есептейді. Өйткені, ең қызығы: «ауыр» және «өте ауыр» деген қылмыстар бойынша сот шетімі жоқ. Олардың адвокаттары үкімді әрі қарай дауламақшы.
XS
SM
MD
LG