Accessibility links

Қырғызстан оппозициясы шеруін жалғастырмақ


Қырғызстанның біріккен оппозициясы 23-шілдеде өткен президент сайлауының қорытындысына байланысты наразылық акцияларын одан әрі жалғастырып, ел астанасынан Ыстықкөл облысына қарай шеру жасамақшы.

Социал-демократиялық партия кеңсесінен басталатын «Әділетті сайлау үшін» ұранымен өтетін бейбіт шеруді экс-премьер Алмазбек Атамбаев, бұрынғы бас прокурор Әзімбек Бекназаров, бұрынғы парламент спикері Өмірбек Текебаев, бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Ысқақовтар басқарып бармақшы.

Қырғызстанды Ыстықкөл облысымен жалғап жатқан оппозиционерлер шеру өткізбекші бұл тас жол үкіметтік кортеждердің Шолпанатадағы резиденцияға қатынайтын жолы. Ал ертең Шолпанатада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті басталады.

Наразылық акциясы барысында оппозиционерлер сайлау күні және кеше басталған шеру кезінде ұсталып кеткен жақтастарын босатуды талап етпек. Олардың айтуынша, тас жолдың бойында орналасқан ауылдың тұрғындары да бұл шеруге қосылуы ықтимал.

Бұдан бұрын Бішкек көшелеріне шыққан оппозиция өкілдерін рұқсат берілмеген акция өткізгендері үшін милиция ұстап әкеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG