Accessibility links

«Альянс банктің» басшысы қырғызстандық банкін сатып жіберді


«Альянс банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаев қырғызстандық «ФинансКредитБанк КАБ» ААҚ сатып жіберді, — деп хабарлады «АКИpress».

Сейсембаев «ФинансКредитБанк КАБ» ААҚ –ның 100 пайыздық акциясының иегері болып табылады, банктің барлық акциялары Қырғызстан қор биржасында 300 миллион сомға (7 миллион доллар) сатылды.

2005 жылдан бері Қырғызстан Ұлттық банкінің лицензиясына ие "ФинансКредитБанк КАБ" қырғызстандық 22 банктің рэнкингінде таза пайдасы жөнінен соңғы қатарда тұрған.
XS
SM
MD
LG