Accessibility links

Мемлекеттік қызметтегі бос орындарды иемдену мораторийі алынып тасталды


Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан президентінің тапсырмасымен мемлекеттік қызметте бос орындарды иемденуге енгізілген мораторий алынып тасталды.

«Бұл шешім ел үкіметінің орталық және жергілікті атқару органдарындағы мемлекеттік қызметтік орындарды қысқарту шараларының нәтижелерін ескере отырып қабылданды», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын осы жылдың 1-сәуірі күні ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов: «Қазақстанда 2009 жылдың аяғына дейін мемлекеттік қызметте бос орындарды иемденуге мораторий енгізіледі», — деп хабарлаған болатын.

Маусым айының соңында Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімовке мораторийді алып тастауды ұсынған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG