Accessibility links

Бас прокуратураның ескертуінен кейін қырғыз оппозиционерлері шеруді тоқтатты


Қырғызстанның Бас прокуратурасы оппозицияның Ыстықкөл жаққа жаяу шеруін тоқтатуды талап етті. Оппозиционер Алмазбек Атамбаев өздерінің жақтастары тұтқында отырған Балықшыға өзі ғана бармақшы, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүгін Алмазбек Атамбаевтың сайлау штабының маңына жаяу шеруге шықпақ болған екі мыңға жуық адам жиылған. Бірақ штабқа келген Бас прокуратура өкілдері оппозиция жетекшісі мен шеруге шықпақшыларға бұл шерудің салдары туралы ескерту жасады.

«Шолпанатада өтетін ҰҚШҰ елдері басшыларының саммитіне байланысты Атамбаев пен оның жақтастарына наразылық акциясын тоқтатуды ресми түрде ескертемін. Бағынбаған жағдайда қатаң жаза қолданылады», — деп мәлімдеді Қырғызстан Бас прокурорының бірінші орынбасары Сумар Насиза.

«Шерушілерге қарсы ешқандай арнаулы құралдар қолданылмайды, бірақ олардың саны 10 мың болса, ІІМ де 10 мың полицей шығарады», — деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сабыр Құрманалиев.

Бас прокуратура өкілдерімен келіссөзден бас тартқан оппозиция жетекшісі Алмазбек Атамбаев кейінірек Ыстықкөлге шерудің болмайтындығын хабарлап: «Қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, қазір тарауларыңызды сұраймын. Мен үшін біреулердің зардап шеккенін қаламаймын. Жақтастарымызды босату үшін Балықшыға өзім барамын», — деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG