Accessibility links

«Эйр Астана» АҚ сотқа тартылмақ


Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Эйр Астана» АҚ-ын әкімшілік жауапқа тартты. Әуе тасымалдаушы компаниясы 933 857 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Эйр Астана» Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ескертпестен, қызмет көрсету тарифтерін өсіріп, ішкі және халықаралық рейстердің билетін 36 пайыздан 80 пайызға дейін қымбаттатқан.

Осыған байланысты компания Қазақстан Республикасының «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» Кодексінің 147 бабы бойынша жауапқа тартылды. Яғни, компания табысының 10 пайызына айыппұл салынды.

Агенттік бұған қоса «Эйр Астананы» экономикалық сотқа беруді көздеп отыр. Онда билеттеріне артық ақша төлеген азаматтардың қаражатын қайтару мәселесі қарастырылмақ.
XS
SM
MD
LG