Accessibility links

Жәмила Жәкішева өзін толғандырған сұрақтарды ҰҚК-не жолдады


«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева ҰҚК төрағасының, Бас прокурор мен Жоғарғы сот төрағасының атына тағы хат жазды.

«Менің кезекті хатым күйеуімнің ісіне қорғаушы ретінде қатыстырылмауыма байланысты, мен мемлекеттік органдармен ашық тікелей қатынаста оның құқығы үшін күресуге даярмын. Менің күйеуім екі айдан астам тергеу изоляторында отыр. Оған отбасы шақырған адвокаттарды әртүрлі сылтаумен жібермей отыр. Оның денсаулық жағдайы менің өтінішіме қарамастан, ауруханада емделуге мүмкіндік берілмеді. Мұның бәрі адам құқының өрескел бұзылуы. Оның қорғаушысы жоқ болғандықтан тұтқындау мерзімінің қашан ұзартылғанын да білмейміз», — делінген хатта.

«Мұхтардың ісіне мен шақырған адвокат қатыстырылмағандықтан, мына жайларды өзім сұрағым келеді», — депті Жәмила Жәкішева.

«Неге менің күйеуімді тұтқындауға санкцияны Ақмола гарнизонының әскери соты берген, заң бойынша әскери сот әскери қылмыстарды, әскери адамдар қатысқан істерді, тыңшылық деректерін қарауы керек? Мен Мұхтар Жәкішевтің заңсыз тұтқындалушы ретінде босатылуын талап етемін.

Мұхтардың хатына ҰҚК мен Бас прокурор жауап бермеді?

Неге оның хаты адвокаттарға жеткізілмеген?

Сенатор Б. Имашевтың жауабы неге оған жетпеген?

Мұның бәрі оның ақпараттық қоушауда отырғандығының айқын дәлелі».

Бұған қоса Қазақстанның демократиялық қауымдастығы Мұхтар Жәкішевтің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, оны тәуелсіз медициналық тексеруден өткізуді сұраған кезекті мәлімдемелерін жасады.
XS
SM
MD
LG