Accessibility links

Нұрлан Жоламанов: Конституция күні өтетін әскери парадқа қосымша 400 миллион теңге бөлінеді


Астанада Конституция күні өтетін әскери парадқа қатысушылардың жалпы саны 2300 адамға жетеді және парад үшін республикалық бюджеттен қосымша 400 миллион теңге бөлінеді, — деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Жоламанов.

Нұрлан Жоламановтың айтуынша, парадқа 120 жауынгерлік техника мен 40-тан аса ұшатын аппарат қатыстырылады. Сондай-ақ майдандық, армиялық авиация және де Ресейден сатып алынған жаңа тікұшақтар да осы парадқа қатыспақ.

Қазақстанда үлкен шеру соңғы рет 2005 жылы жеңістің 60 жылдығына арналып өткен. Онда парад жауынгерлерлік техника мен жасақсыз өткен болатын.

Маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылатын Конституция күні 30-тамызда аталып өтіледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG