Accessibility links

Ирақ: Лагердегі қақтығыста 6 ирандық қаза болды


Ирақ үкіметінің баспасөз хатшысы Ирақ қауіпсіздік күштерімен арада орын алған қақтығыста 6 ирандықтың қаза болғандығын растады. Бұл қақтығыс осы аптада қуғындағы Иран азаматтарының лагерінде болған еді. Иранның Халық мужахедині ұйымы баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, әлгі қақтығыста кемінде 7 ирандық өлтіріліп, жүздеген адам жарақат алған.

Бағдадтың солтүстігіндегі әл-Ашраф лагері Иранға қарсы соғыс барысында Саддам Хуссейнге көмектескен ирандықтарға арналып, 1980-ші жылдары құрылған болатын.

Үкімет баспасөз хатшысы Али әл-Даббағ сейсенбі күні қауіпсіздік күштерінің қатаң күш қолданғандығын жоққа шығарып, бұл оқиғада Ирақ полициясының 35 мүшесі жарақат алды деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG