Accessibility links

Талибан ауғандықтарды сайлауға бойкот жариялауға шақырды


Талибан Ауғанстан азаматтарынан тамыздың 20-дағы президент сайлауына бойкот жариялауды талап етіп, оның орнына қолдарына қару алып, «басып алынған елін азат ету үшін» жихадқа шығуға шақырды. Интернеттегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде Талибан дауыс берулерге кедергі жасау үшін өз жауынгерлерінен сайлау қарсаңында барлық жолдарды бөгеп қоюды сұраған.

Ауғанстанда қазір 90 мың халықаралық күштер орналастырылған.
XS
SM
MD
LG