Accessibility links

Мемлекет басшылары ҰҚШҰ қызметінің тиімділігін арттыру жайын талқыламақ


Бүгін Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Шолпаната қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті басталады. Саммиттің уақыты Құрманбек Бәкиевтің туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр, 1-тамыз күні Қырғызстан президенті 60 жасқа толады.

Саммит барысында мемлекет басшылары халықаралық қауіпсіздік пен байланыстың өзекті жайлары мен ғаламдық қаржы дағдарысы, оған қарсы тұра білу, Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасып, ҰҚШҰ қызметінің тиімділігін арттыру аспектілерін талқылайды.

1992 жылы 15 мамыр айында құрылған ҰҚШҰ-ның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты жеті мемлекет кіреді.
XS
SM
MD
LG