Accessibility links

ҰҚК-нің уәдесі бойынша, Жәмила Жәкішева бүгін күйеуімен кездеспек


«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева бүгін күйеуімен кездеспек. ҚР ҰҚК Жәмиланы арнайы осы кездесу үшін Астанаға шақырды.

Бұл туралы хабарлаған Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерімнің айтуынша, Жәмила бүгін сағат 11.00-де Астанадағы Кривогуз көшесі №2 мекен-жайында орналасқан ҰҚК-нің тергеу абақтысына барады.

«ҰҚК уәдесінде тұратын шығар деп үміттенемін, олар менің анамды әкеммен бірге қамап тастамайтын шығар», — дейді Әйгерім Жәкішева.
XS
SM
MD
LG