Accessibility links

Герман Диденко: Қазақстанда есірткіден түскен табысты заңдастыру әшкереленді


Қазақстанда тұңғыш рет есірткі саудасынан түскен табысты заңдастыру жүйесі әшкереленді, — ҚР ҰҚК-нің халықаралық есірткі саудасымен күрес жөніндегі басқармасының бастығы Герман Диденко.

«Пирамида» операциясының аясында ҰҚК органдары ұзақ уақыттан бері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында есірткінің «ауыр» түрін сатып келген ірі аймақтық есірткі қауымдастығының көзін жойды.

«Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында аталған топтың жетекшісі мен алты белсенді мүшесі қолға түсті. Сондай-ақ 5,5 кг-нан астам героин, кокаин, гашиш және марихуана, үш тапанша, оқ-дәрілер мен 31 миллион теңгеден аса ақша мен алтын бұйымдар табылған», — деді ҰҚК өкілі.

Бұған қоса есірткі сатудан түскен қаржы мен мүлікті заңдастыру деректері орныққан. Ол қаржыға үш жеке үй, екі пәтер, 14 көлік, жалпы көлемі 100 га екі жер телімі мен фермерлік шаруашылық сатылып алынған. Бұл мүліктер тұтқынға алынды.

ҰҚК өкілінің түсіндіруінше, есірткі саудасынан түскен табысты құжаттық заңдастыру жүйесі – өте күрделі процесс, мұндай жағдай Орталық Азия мен Ресей елдері арнаулы қызмет өкілдерінің тәжірибесінде кездеспеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG