Accessibility links

Ислам даму банкі Қазақстанға 170 миллион доллар қарыз бермек


Қазақстан Ислам даму банкімен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистралының құрылысы үшін 170 миллион доллар қарыз жөніндегі келісімге қол қойды. Аталған келісімге қол қоюға Қазақстан жағынан қаржы министрі Болат Жәмішев пен транспорт және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов қатысты.

ҚР Транспорт және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаржы 58,1 шақырым Оңтүстік Қазақстан облысы — Тараз шекара аумағының жөнделуіне де жұмсалмақ . Ал магистраль құрылысы жобасының жалпы құны 804 миллиард теңгені құрайды.
XS
SM
MD
LG