Accessibility links

Британия Ирақтан әскерилерін шығарды


Британия Ирақтағы барлық күштерін шығарды. Осыдан 6 жыл бұрын АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері Саддам Хуссейнді биліктен құлату үшін Ираққа басып кірген болатын. 2008 жылы Бағдад пен Лондон арасында қол қойылған келісімге сәйкес, осы аптада Британияның ең соңғы әскерилері Ирақтан шығарылған. Ағылшын сарбаздары негізінен елдің оңтүстігіндегі Басра қаласында орналасқан болатын.

2003 жылғы әскери операциялар барысында Ирақта Британияның 46 мың жауынгері болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG