Accessibility links

Душанбеде басқосу барысында полиция көлігі жарылды


Ауғанстан, Тәжікстан және Ресей басшыларының қауіпсіздік мәселесіне қатысты жиыны өтіп жатқан Душанбе қаласында полиция көлігі жарылды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Reuters агенттігіне бейсенбі күні түндегі жарылыстан бір қызметкер жараланғандығын хабарлаған. Оның айтуынша, жарылқыш зат көліктің ішіне қойылған. Ресми ақпаратқа қарағанда, қазіргі таңда полиция бұл жарылыстың себептерін тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG