Accessibility links

Молдовада коалицияға қатысты келіссөз басталмақ


Молдова Демократиялық партиясының жетекшісі парламентке сайланған либералды топтар таяу арада коалиция құруға қатысты келіссөздерін бастайды деп мәлімдеді. Сәрсенбі күнгі сайлауда Коммунистер партиясы парламенттегі көптеген орнынан айырылған болатын.

Коалиция құрудағы маңызды тұлға деп есептелетін Мариан Лупу Рейтер агенттігіне берген сұхбатында кейінірек коммунистермен келіссөздер бастау керек деп атап көрсетті.

Еуропа Одағы Молдованы елде дүрбелең болып кетпес үшін тезарада үкімет құруға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG