Accessibility links

БҰҰ: Ауған соғысы тұрғылықты мекендерге жайылуда


Ауғанстандағы қақтығыстар тұрғылықты мекендерге жайылып, нәтижесінде әуе шабуылдары мен көлік жарылыстарынан сондай-ақ жанкештілік шабуылдардан көптеген адам қаза болуда. Бұл жөнінде БҰҰ-ның жаңа баяндамасында айтылып отыр.

Ауғанстандағы халықаралық көмек миссиясының мәліметінше, қаңтар айынан маусымның аяғына дейін 1 013 қарапайым азамат қаза тапқан, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 24 пайызға жоғары. Қарапайым халықтың қаза болуына негізінен Талибан кінәлі делінген бұл баяндамада.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG