Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдардан ондаған адам қаза тапты


Жұма күні Ирақ астанасында орын алған жарылыстардан кемінде 24 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды.

Ресмилердің айтуынша, Бағдадтың солтүстік-шығысындағы шииттердің мешіті жанында көлік жарылып, кемінде 20 адам құрбан болған. Дәл сол кезде Бағдадтың оңтүстігіндегі мешітте тағы бір жарылыс орын алып, 4 адам қаза тапқан. Ал үшінші мешіттің жанында болған шабуылдан 6 адам жарақат алған.

Соңғы айларда Ирақта зорлық-зомбылық әрекеттері азайған болатын бірақ Ирақ қалаларынан АҚШ күштерінің шығарылуы қарсаңында бұл елде шабуылдар көбейді.

Маусым айында кемінде 300 Ирақ азаматы өлтірілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG