Accessibility links

Иранда бұрынғы шенеуніктерге қатысты сот басталды


Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сайлауға байланысты наразылық шараларында тұтқындалған адамдарға қатысты сот сенбі күні басталған.

Фарс ақпарат агенттігінің мәліметінше, сотқа тартылып отырған 100 адамның арасында бұрынғы вице-президент Мохаммад Али Абтахи мен бұрынғы сыртқы істер министрі Мохсен Аминзадех және тағы басқа бұрынғы шенеуніктер бар. Оларға зорлық-зомбылық әрекеттеріне түрткі болды, толқуларға қатысты, билікке қарсы топтармен байланыста болды деген айыптар тағылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG