Accessibility links

АҚШ Қырғызстандағы сайлауға алаңдаулы


АҚШ Қырғызстанда өткен президент сайлауына байланысты алаңдаушылық танытты. Бішкектегі АҚШ елшілігінің мәлімдеуінше, сайлау үдерісінде оң элементтердің болуына қарамастан, АҚШ тәуелсіз бақылаушы топтардың сайлау Қырғызстанның халықаралық міндеттемелеріне сай болмады деген пікірімен келіседі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шілденің 23-дегі сайлауды айыптап, дауыс берулерде бірқатар заңбұзушылықтар орын алды деп мәлімдеген болатын.

Сайлауда президент Құрманбек Бәкиев 85 пайыздан көбірек дауысқа қол жеткізіп, қайта сайланды.
XS
SM
MD
LG