Accessibility links

Ауғанстанда 2 американдық сарбаз қаза тапты


Ауғанстанда АҚШ-тың екі сарбазы мерт болды.

Шілде айында бұл елде шетел күштерінің кемінде 71 мүшесі, олардың ішінде 41 АҚШ жауынгері қаза тапты.

Ал бұл екі арада Фарах өлкесінде Талибан бүлікшілері сайлауға қатысты құжаттар алып бара жатқан көлікке шабуылдап, 4 сарбазды өлтірді.

БҰҰ-ның жаңа баяндамасына сәйкес, Ауғанстанда қаңтардан маусымның аяғына дейін 1 013 қарапайым азамат қаза тапқан, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 24 пайызға жоғары. Қарапайым халықтың қаза болуына негізінен Талибан кінәлі делінген бұл баяндамада.
XS
SM
MD
LG