Accessibility links

Ауғанстанда тағы 3 АҚШ сарбазы құрбан болды


Сенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жарылыстардан 3 АҚШ сарбазы мерт болды. Сонымен қатар Кабулдың солтүстігінде бүлікшілермен арада болған қақтығыста бір француз жауынгері қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Шілде айында Ауғанстанда шетел күштерінің кемінде 71 мүшесі құрбан болды. Жұма күні Фарах өлкесінде Талибан бүлікшілері сайлауға қатысты құжаттар алып бара жатқан көлікке шабуылдап, 4 сарбазды өлтірді.

БҰҰ-ның жаңа баяндамасына сәйкес, Ауғанстанда қаңтардан маусымның аяғына дейін 1 013 қарапайым азамат қаза тапқан, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 24 пайызға жоғары. Қарапайым халықтың қаза болуына негізінен Талибан кінәлі делінген бұл баяндамада.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG