Accessibility links

Резаи Иран қауіпсіздік күштерін соттауға шақырды


Ирандағы президент сайлауында жеңілген үміткер Мохсен Резаи наразылық танытушыларға жасалған шабуылдарға байланысты қауіпсіздік күштерін сотқа тартуға шақырды. Мехр ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Төңкеріс сақшыларының бұрынғы басшысы Резаи осы жөніндегі хатын сот төрағасы Аятолла Махмуд Хашемиге жолдаған. Резаидің айтуынша, «Теһран университетіндегі жатақханаларға шабуылдап, бейбіт шерулерге қатысушыларды тұтқындап, ұрып соққандар» сотталуы тиіс.

Махмуд Ахмадинежадтың президент болып қайта сайлануына байланысты наразылық шерулерінде қауіпсіздік күштерімен арада орын алған қақтығыста шамамен 30 адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам қамауға алынды. Оппозициялық топтар маусым айындағы президент сайлауы бұрмаланды деп отыр.
XS
SM
MD
LG