Accessibility links

Ирақтың бұрынғы вице-премьері 22 жыл түрмеде отыратын болды


Ирақта Саддам Хусейннің жақтастарының бірі Тарик Азиз 7 жылға түрмеге жабылатын болды, — деп хабарлайды Associated Press. Сот өкілдерінің мәліметінше, бұрынғы вице-премьер Тарик Азиз С.Хусейн басшылығы кезінде Ирақтың мұнай қоры көп табылған солтүстік шығыс аудандарынан күрдтерді күштеп шығаруға қатысты деп айыпталып отыр.

Бұдан бұрын Тарик Азиз 1992 жылы мемлекет белгілеген бағаны бұзған он шақты мұнай сатушыны өлтіруге қатысты болды деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен 73 жастағы экс вице-премьер өмірінің 22 жылын түрмеде өткізетін болды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG