Accessibility links

АҚШ Ресейдегі демократияны қолдауға бөлетін қаржысын қысқартты


АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейдегі адам құқын қорғау мен демократияны дамытуға 2009 жыл бойы бар-жоғы 29 млн доллар бөледі, өткен жылдардағы қаржы транштарымен салыстырғанда бұл мардымсыз қаржы, — деп хабарлайды «РБК daily».

2006 жылы Вашингтон құқық қорғаушыларға 85 млн доллар бөлсе, 2003 жылы бұл қаржының көлемі 148 млн долларға жетті. Жалпы алғанда 1992 жылдан бері ресейлік демократияға Американың сыртқы саясат ведомствосы 3,7 млрд доллардан астам ақша жұмсаған.

«Демократиялық экспорттың» азаюы Ресей – Америка қатынастарындағы маңызды оқиғалардан кейін орын алды. Мәскеуге сапары барысында АҚШ президенті Барак Обама Ресей өзінің болашағын өзі таңдайды деген болатын.

Ал Ресей Экономика институының әлеуметтік саясат орталығы Американың демократияны қолдауға бөлетін қаржысының бюджетке қиындық әкелмейтінін айтуда. Бірақ мұның басқаша астары болуы мүмкін.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина мен Грузия сапарынан кейін Ресейдегі экономикалық және демографиялық мәселелерді айта келіп, оған айрықша назар аударудың қажетсіздігін айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG