Accessibility links

Мысыр Газа секторымен шекарасын үш күнге ашпақ


Мысыр елі Газа секторымен Рафах өткізу бекетіндегі шекарасын үш күнге ашады, — деп хабарлайды Би-би-си. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, шекара Мысыр мен басқа елдерде тұруға уақытша куәлігі барлар мен оқушыларға, сондай-ақ шетелдерде емделіп жүрген науқас палестиндіктерге ашық.

Мысыр мен Израиль Газа секторымен шекарасын осыдан 2 жыл бұрын мұндағы билікке радикалды исламдық «Хамас» қозғалысы келгеннен кейін жауып тастаған болатын. Дегенмен шекара арқылы азық-түлік пен гуманитарлық көмек беруге рұқсат етілген. Мысыр өз жағындағы шекараны аз уақытқа мерзімді түрде ашып тұрады.
XS
SM
MD
LG