Accessibility links

Иранның діни жетекшісі Ахмадинежадты қолдады


Иранның рухани жетекшісі Аятолла Али Хаменеи ресми түрде Махмуд Ахмадинежадтың екінші төрт жыл мерзімге президент болатынына қолдау танытты.

Ахмадинежад сәрсенбі күні президенттік ант қабылдайды.

Маусымның 12-дегі президенттік сайлауда Махмуд Ахмадинежад жеңіске жетті деп хабарланған соң, бұл елде жаппай наразылық шерулері орын алған.

Мыңдаған ирандық сайлау бұрмаланды деп шеруге шығып, онда полициямен болған қақтығыста 30 адам қаза тауып, 2 мыңдай кісі қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG