Accessibility links

Ирақ премьері күрд жетекшілерімен диалогты қайта бастады


Премьер-министр Нури әл-Мәлики Ирақтағы Күрд аймағына барып, ондағы жетекшілермен біраздан бері тоқтап қалған жер мен мұнайға қатысты келіссөздерді қайта бастады.

Мәлики жексенбіде Күрдістан жетекшісі Массуд Барзани және Ирақтың күрд президенті Жалал Талабанимен кездесті.

Кездесулерден кейін Ирақ премьер-министрі журналистерге өзінің бұл сапарының қорытындысына көңілі толатынын айта келе, мұндай кездесулер жетекшілер деңгейде жалғаса беруі тиіс деген.

Күрдтер Ирақтың солтүстігіндегі аймақтарын кеңейтуді талап етіп, күрд аймағымен шекаралас жатқан мұнайға бай Киркук және басқа да аймақтарды өзіне қосып алғысы келеді.

Барзани осыған дейін өзінің Киркук қаласы бойынша ымыраға келе алмайтынын айтқан еді. Бірақ дүйсенбі күні Күрд жетекшісі Мәликимен кездесуде ыңғайға көніп, проблеманы шешуге келіскендерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG