Accessibility links

"Қазақстандықтар Үрімжіге қорықпай барса болады"


"Қазақстан азаматтары шілде қақтығысынан кейін Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының астанасы Үрімжіге сапар шегуден қорықпауы тиіс,"- деді Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопин.

Ол бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында айтты.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап қазақстандық туристер мен кәсіпкерлер Шыңжаң аймағына қауіпсіз жағдайда бара алады.
Қытай дипломаты бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты ел үкіметі қамтамасыз етіп отыр дей келе, Үрімжідегі сауда орталықтарының 98 пайызы қайта ашылды деп атап көрсетті.

Қазақстандағы Қытай елшісі шілде айында орын алған ұлтаралық қақтығысты шеттегі жауларымыз ұйымдастырды деген. Бұл этникалық қақтығыста 150-ден аса кісі қаза тауып, мыңнан аса адам жараланған.
XS
SM
MD
LG