Accessibility links

Пәкістан Суат келісіміне көмектескен діндарға айып тақты


Пәкістан билігі Суат жазығындағы талибан мүшелерімен сәтсіз болған бейбіт келіссөздерге арағайындық жасаған діни өкілге қарсы қылмыстық істі ашып отыр.

Суат полициясының басшысы діндар Суфи Мухаммадты терроризмді қолдап, бүлікшілерді үкіметке қарсы көтерілуге рухтандырды деп айыптады.

Суфи Мухаммад Суат жазығындағы талибан жетекшісі Маулана Фазлулланың қайын атасы.

Ол ақпан айында осы өңірге шариғат заңдарын енгізіп жатқан талибан өкілдерімен келіссөз өткізуге көмектескен, бірақ ол келісім сәуір айында әскери күштер Суат жазығына соққы берген соң бұзылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG