Accessibility links

Грузия: ресейліктер шекара бағанын жылжытып жатыр


Грузия өзінің Оңтүстік Осетиямен шекарасының бағанын жылжытты деп Ресейді айыптады.

Грузияның сыртқы істер министрлігі «Ресейлік тұрғындар Грузия аумағына ішкері қоныстануға тырысып жатыр» деп хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесінде «Ресейліктер Гори аймағының Квеши елді-мекеніне еніп, сол арқылы Грузия ауылындағы шекара белгісін жылжытқандығы» айтылады.

Сенбі күні Ресей Грузияны Оңтүстік Осетияға қатысты «арандатушылықтарын» қоймаған жағдайда, күш қолданылады деп қорқытқан болатын.
XS
SM
MD
LG