Accessibility links

Ирақтық Тарек Азиз тағы 7 жылға сотталды


Ирақтың бұрынғы вице-премьері Тарек Азиз Саддам Хусейн билігі кезінде, Ирақтың солтүстік-шығысындағы мұнайлы мекендерде тұрған күрдтерді күштеп көшіргені үшін жеті жылға сотталды.

Биыл наурызда Тарек Азиз 1992 жылы мемлекет белгілеген бағаны бұзған ондаған сатушыларды өлтіруге қатысқан деген айыппен 15 жылға сотталған еді. Сот үкімдері бойынша 73 жастағы Азиз 22 жылын түрмеде өткізеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG