Accessibility links

Ресей жанкүйерлері доңыз тұмауынан вискимен сақтанбақ


Ресей футбол жанкүйерлері келесі айда әлем біріншілігінің іріктеу турнирі аясында Уэльс құрамасымен өтетін кездесуде доңыз тұмауынан виски ішіп сақтанатындықтарын хабарлады.

Елдегі жанкүйерлер қауымдастығының басшысы Александр Шпрыгиннің айтуынша, виски «кеселдің барлық симптомдарына қарсы тұрады».

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды H1N1 вирусының таралуына байланысты Британияға барудан бас тартуға шақырған еді. Александр Шпрыгин болса 9 қыркүйекте Кардифф қаласында өтетін матчқа баруға жиналғандардың көп екендігін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG