Accessibility links

Таиландта өтіп жатқан АСЕАН ассамблеясына 19 елдің парламентарийлері қатысуда


Таиландтың Паттайя қаласында 30-парламентаралық АСЕАН ассамблеясының жұмысы басталды, — деп хабарлайды «Взгляд» басылымы.

Таиланд үкіметінің басшысы Абхисит Ветчачиваның айтуынша, «бұл форум үкіметтер мен парламенттер арасындағы серіктестікті кеңейтудің және диалог бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңызды құралы болып табылады».

7-тамызға дейін жалғасатын сессия жұмысына 19 елдің парламентарийлері қатысып, қауіп-қатермен және адам саудасы, есірткі сатумен тиімді күресу, экономикалық мәселелері жөнінде пікір алмасады.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы – АСЕАН 1967 жылы 9-тамызда Бангкокте құрылған аймақтық ұйым.
XS
SM
MD
LG