Accessibility links

Ташкент Ресейдің Қырғызстанда база салу жоспарын сынады


Өзбекстан өзіне көрші Қырғызстанда Ресейдің жаңа әскери база салу жоспарын сынап отыр.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде, жоспардағы ол шаралар радикалды экстремистік күштердің бүлігіне әкеліп, аймақты тұрақсыздандыруы мүмкін делінген.

Өткен аптада Ресей мен Қырғызстан Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасына жақын жерде екінші әскери база құру туралы келіскен. Ол келісім Ресей әскерінің бұл аймақта 49 жылға дейін қалуына жол береді.

Қырғызстанда Ауғанстандағы операцияларға әскери қолдау таныту үшін пайдаланылып отырған Құрама Штаттардың да әуе базасы бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG