Accessibility links

Ахмадинежад елдің сыртқы істер министрін ауыстырмақ


Иранның ИРНА ақпарат агенттігі, президент Махмуд Ахмадинежад елдің сыртқы істер министрін өзгертпекші деп жазуда.

Хабарларға қарағанда, сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Ахмадинежадтың вице-президенттерінің бірі болуы мүмкін.

Ахмадинежад сәрсенбі күні президенттік ант қабылдап, екінші мерзімге билікке келмекші. Ол өзінің жаңа үкіметі алдағы төрт жылғы сыртқы саясатын қатайтатын болады деді.

Бірақатар Батыс елдерінің басшылары Махмуд Ахмадинежадтың президент болып қайта сайланғанын дауыс берулер бұрмалаушылықпен болды деп қабылдамады.
XS
SM
MD
LG