Accessibility links

Экстремистік шиит тобы қақтығысты тоқтатуға келісті


Осыған дейін бес американдық сарбаздың өлімі мен британдық бес әскерді басып әкетті делінген экстремистік шииттер тобы қаруларын тастап, қақтығысты тоқтатуға келісті.

Ирақ үкіметінің кеңесшісі айтып отырғандай, келісім премьер-министр Нури әл Мәлики мен оңшылдар лигасының өкілі Асайб Аал әл-Хақ арасында жасалды. Құрама Штаттар бұл Иранның қолдауындағы экстремистік топ деп айтады.

Енді олар қақтығысты қойып, саяси процестерге араласуға сөз беріскен. Үкімет өкілінің айтуынша, әл-Мәлики оларға қайтарым ретінде АҚШ қамауындағыларды босатуды қарастыруға уәде еткен.
XS
SM
MD
LG