Accessibility links

Обама Мысыр президентін қабылдайды


Ақ үйден хабарланғандай, Мысыр президенті Хосни Мүбарак тамыздың 18-де Вашингтонға сапармен барып, президент Барак Обамамен кездеседі.

Тараптар Таяу Шығыстағы бейбітшілік, экстремизммен күрес және аймаққа төнген қауіп-қатер туралы сөйлеспекші.

Хосни Мүбарак билікте 1981 жылдан бері отыр әрі Мысырдың ең ұзақ отырған жаңашыл басшысы.

Барак Обама Мысыр президентімен маусым айында мұсылман әлеміне қайрылып, сөз сөйлеген Қайр қаласына сапары кезінде кездескен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG