Accessibility links

НАТО-ның жаңа басшысы алғашқы жиынын өткізді


НАТО-ның жаңадан тағайындалған бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен сейсенбі күні Брюссельде альянс өкілдерінің қатысуымен алғашқы мәжілісін өткізді.

Басшылық қызметіне дүйсенбі күні кіріскен даниялық бұрынғы премьер-министр Расмуссен әскери альянстағы басты назары Ауғанстан екендігін мәлімдеген.

Қазіргі таңда Ауғанстанда НАТО-ның 64 мың әскері бар. Олардың басты мақсаты – ушығып тұрған талибан бүлікшілігін ауыздықтау болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG