Accessibility links

Оңтүстік Осетия үкіметі таратылды


Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияның басшысы Эдуард Кокойты, премьер-министр Асланбек Булацевтің үкіметін таратты.

Кокойты мұның себебін премьер-министрдің денсаулық жағдайына байланысты деп түсіндірді. Булацев үкіметі Ресей мен Грузияның өткен жылғы 8-ші тамызда Оңтүстік Осетияға қатысты басталған соғыстың бір жылдығы қарсаңында таратылды.

Тамыз қақтығысының бір жылдығы тұсында бұл аймақта жағдай қайтадан күрделі болып отыр.

Грузия мен Оңтүстік Осетияның өзара оқ атты деген айыптауларынан кейін Ресей бұл аймақтағы күштерін әскери дайындықта ұстап отыр деп Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Нестеренко хабарлаған. Оның айтуынша, Грузия тарапынан арандатушылық әрекеттер тоқтамауда.
XS
SM
MD
LG