Accessibility links

Иран оппозициясы наразылық акциясын өткізбек


Бүгін Иран оппозициясы Махмуд Ахмадинежадтың президентік қызметіне кірісуіне қарсы наразылық акциясын өткізбек.

Оппозицияның жақтастары Махмуд Ахмадинежадты екінші мерзімге сайлаған сайлаудың қорытындыларымен келіспей, оның бұрмаланғандығын айтуда. Теһранда өткен маусым айындағы демонстрация кезінде 30-дан астам адам құрбан болып, жүздеген адам ұсталған.

Батыстың жетекші державаларының басшылары Махмуд Ахмадинежадты сайлаудағы жеңісімен, екінші мерзімде жұмысына кірісуімен құттықтамайды.

Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обаманың, Германия канцлері Ангела Меркелдің, Франция президенті Николя Саркозидің және Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браунның өкілдері мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG