Accessibility links

Полицейлер олимпиадасында қазақстандықтар алтын және күміс медаль иеленді


Sports.kz порталының мәліметінше, Ванкувер қаласында өтіп жатқан полицейлер мен өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік олимпиадасында қазақстандықтар алтын және күміс медаль иеленді.

Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғаушы ішкі істер органының қызметкерлері — астаналық Серік Нұрғалиев пен шымкенттік Асқар Жандаров.

67,5 кг салмақ дәрежесіндегі Серік Нұрғалиев штанганы жатып көтеруден (бенчпресс) алтын медаль алса, Асқар Жандаров грек-рим күресінен күміс медаль иеленді.

10-тамызға дейін жалғасатын полицейлер мен өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік олимпиадасында әлемнің 67 елінен 12 мың спортшы қатысуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG