Accessibility links

Цзыкэтань тұрғындары карантинге қарамай қаланы тастап шығуда


Өкпе обасы табылған Қытайдың Цзыкэтань қаласының тұрғындары үкімет орнатқан карантинге қарамастан қаланы тастап шығуда, — деп хабарлайды Associated Press.

Куәгерлер тұрғындарының көбі малшылар мен маусымдық жұмысшылардан тұратын Цзыкэтань қаласының едәуір босап қалғанын айтады.
Цзыкэтань қаласында өкпе обасынан үш адам қайтыс болған, өкпе обасына ұшыраған 12 адам бар.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қытай үкіметі өкпе обасының шығуына байланысты елдің солтүстік - батысында орналасқан Цзыкэтань қаласын карантинге жауып тастады, бұл жерде өкпе обасы 30-шілде күні анықталған.

Бұл аурудың басты таратушылары кеміргіштер мен қанмен қоректенетін жәндіктер. Қазір оба дерті етек алған аумақта тышқан, егеуқұйрық, кене сияқты ауру таратуы мүмкін кеміргіштер мен жәндіктердің көзі жойылуда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG