Accessibility links

Билл Клинтон американдық 2 журналисті еліне алып қайтты


АҚШ президенті Барак Обама бұрынғы президент Билл Клинтонның Пхеньянда қамауда отырған АҚШ-тың екі журналисін босатып әкелгеніне алғысын білдірді.

Оның алдында Обама әкімшілігі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты Батыспен дағдарысына айырбас ретінде американдық екі журналиске рахымшылық жасау ұсынысы жасалған жоқ деп айтты. Бірақ Ақ үйдің ресми өкілі екі журналисті босатып алған экс-президент Билл Клинтонның Солтүстік Корея жетекшілерімен әңгімесі позитивті түрде өтті деген.

Сейсенбі күні аяқ астынан бұрынғы президент Билл Клинтон американдық екі журналист Юна Ли мен Лаура Лингті босатуды сұрап, Пхеньянға барған еді.

Ол екі журналист наурыз айында Қытай шекарасына жақын Солтүстік Кореяда қамауға алынып, 12 жыл еңбек лагеріне жабылған.
Ақ үйдің айтуынша, бұл екі әйелдің отбасылары олардың босатылуын бұрынғы президент Клинтон сұраса деген ұсыныс жасаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG