Accessibility links

Политковскаяның өліміне қатысты жаңа сот басталды


Бүгін белгілі журналист, кісі қолынан қаза тапқан Анна Политковскаяның өліміне қатысты сотты жаңадан бастаған Мәскеудің аймақтық әскери соты алдын-ала тыңдаулардан кейін тамыздың 7-не дейін үзіліс жариялады.

Ресейдің Шешенстандағы саясатын сынаған журналист Политковская 2006 жылы қазанда тапсырыс құрбаны болған. Оның өліміне қатысты деп күдіктелген төрт адамға айып тағылған болатын, бірақ билік тапсырысты кім бергенін анықтай алмады.

Сот айыпталушыларды ақтап шығарған соң Жоғарғы сот бұл істі қайта қарауға шешім шығарды. Политковскаяның туған-туыстары мен жақтастары болса, тергеудің толықтай қайта жүргізілуін талап етіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG