Accessibility links

НАТО әуе шабуылдан бейбіт халық қаза тапқанын жоққа шығарды


Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ күштері әуе шабуылын жасағандарын хабарлап, бірақ онда 4 бейбіт тұрғын қаза болды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

АҚШ әскерилері өлтірілген 4 адам велосипедпен бара жатқан бүлікшілер деген.

Қандағар провинциясындағы ауыл адамдары болса, әуе шабуылдарынан үш бала мен бір ер адам құрбан болды деп, олардың мәйітін қала ресмилеріне көрсетуге әкелген.

Әуе шабуылдардан құрбан болған бейбіт тұрғындардың қазасы туралы хабар ауғандықтардың қатты ашуын тудырды. Бұл оқиға Ауғанстанның президенттік сайлауына екі апта қалғанда орын алып отыр.
XS
SM
MD
LG