Accessibility links

Қазақстан Қытаймен шекарасында санитарлық бақылауды күшейтті


Қазақстан Қытаймен шекарасына бақылауды күшейтіп отыр деп «Новости-Казахстан» агенттігі денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Наталья Буенкоға сілтеме жасап хабарлады.

Ол Қытаймен шекарада әсіресе Цинхай провинциясынан келушілер қатаң бақылауға алынып отыр деген.

Қытайда өкпе обасынан үш адам өлімі тіркелді. Бұл жұқпалы дерт Цинхай провинциясының Цзыкэтань қаласынан 30-шы шілдеде шыққан болатын. Одан кейін Қытай билігі бұл қалада карантин жариялап, оны жауып тастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG