Accessibility links

ЕҚЫҰ Өзбекстанды журналистің ісін қайта қарауға шақырды


Бүгін ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Өзбекстаннан журналист Дильмурад Саидовтың ісін қайта қарауды сұрады.

Саидов бопсалау мен жалған құжат жасады деген айыппен 12 жылға сотталған болатын. Оның жақтастары бұл істің саяси астары бар деп келеді.

ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Миклош Харасти Өзбекстанның сыртқы істер министрі Владимир Норовқа жолдаған хатында, өзінің Саидовтың үкіміне алаңдап қалғанын айтқан.

Харастидің айтуынша, жабық есік жағдайында өткен сотқа Саидовтың адвокаты қатыспаған әрі бұл сот процесі халықаралық талаптарға сай келмейді.

Журналист Саидов болса, жемқорлық әрекеттері туралы жазғаны үшін жергілікті басшылар өзінен кек алып отырғанын айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG