Accessibility links

РФ премьер-министрі Түркияға барады


Бүгін Владимир Путин жұмыс сапарымен Түркия Республикасына барады. Ресей үкімет басшысының Түркия басшылығымен келіссөздерінде басты назарға энергетика саласындағы экономикалық ынтымақтастық тақырыбы алынады.

Үкімет аппараты басшысының орынбасары Юрий Ушаковтың айтуынша, Түркия Ресей газын Оңтүстік Шығыс Еуропаға тасымалдайтын «Южный поток» газ құбырын өз аумағынан өткізуге келісім берген.

Анкарада шілде айында Nabucco жобасының баламасы аясында Орталық Азиядан Ресейді айналып, Еуропаға газ тасымалдайтын құбыр туралы транзиттік келісімге қол қойылған болатын.

Сапар алдында Владимир Путиннің Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлағанбыз. Екеуара әңгімеде үкімет басшылары өзара мүдделілік туғызатын сауда-экономикалық ынтымақтастық жобаларын талқылаған еді.
XS
SM
MD
LG